Салауатты өмірге қадам

19.02.2025

2025 жылғы 18 ақпанда «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылық колледжінде» КМҚК жасөспірімдер арасында синтетикалық есірткінің таралуының алдын алу бойынша түсіндіру іс-шаралары аясында әлеуметтік педагог пен Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерінің кезекті бірлескен кездесуі өтті. Кездесу “Есірткі құралдарының таралуы мен қолданылуы және олардың салдары” тақырыбында ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және оның таралуына тосқауыл қою, сондай-ақ есірткі қылмыстарын жасаудың салдары туралы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Кездесу барысында Есіл ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Войцеховский Олег Владимирович жастарға заң талаптарын сақтау мен өз іс-әрекеттерінің салдарын түсінудің маңыздылығын жеткізді. Студенттерге есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ, Есіл ауданы полиция бөлімінің есірткі қылмыстарымен күрес жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Шалабаев Тимур Ислямович өз тәжірибесінде кездесетін түрлі есірткі қылмыстары туралы айтып, нашақорлықтың зияны жайлы баяндады. Өз сөзінде Тимур Ислямович мораль мен этика мәселелерін, есірткі және психотроптық заттарды қолданудың салдарын, сондай-ақ әлеуметтік желілерде, колледж қабырғасында және оның сыртында құқықтық нормаларды сақтау қажеттігін атап өтті. Полицейлер заңға бағынудың және зиянды әдеттерге бой алдырмаудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Кездесу барысында колледждің әлеуметтік педагогы Коновалова С.Г. студенттерге есірткі және психотроптық заттардың түрлері, олардың адам ағзасына тигізетін зияны туралы айтып, «жеңіл есірткі» деген ұғымның қате екендігін ерекше атап өтті. Достарының ықпалымен жасөспірімдердің есірткіге әуестенуі оңай болғанымен, одан бас тарту қиын екенін ескертті. Кездесу соңында студенттерге есірткіні қолданудың салдарын көрсететін деректі бейнеролик көрсетілді. Осындай іс-шаралар жастардың есірткіге қарсы санасын қалыптастырудың, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына, олардың жарнамасы мен насихатына байланысты қылмыстық жауапкершілік туралы құқықтық сауаттылығын арттырудың бір тәсілі болып табылады. Бұл кездесуде қатысушылар есірткі заттарының ерекшеліктерін, олардың қоғамға тигізетін кері әсерін терең түсінді. Есірткі – қоғамның дерті, ол «жеңілдік» пен «ләззат» маскасының астында жасырынған қатер.



Текст
Виртуальная приемная